21
Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамыз

Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

  • Upload
    others

  • View
    26

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамыз

Page 2: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

2 3

Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамыз

Page 3: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

4 5

МАЗМҰНЫСАЭМ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ТУРАЛЫКомпания профилі .........................................................................................................6Негізгі ақпарат ................................................................................................................8Компаниялар тобының құрылымы ..........................................................................9Қызмет бағыттары .....................................................................................................10Арнаулы техника мен жабдықтар паркі ..............................................................12Сапа және жетістіктер ...............................................................................................13

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАР1-ЖЭО-н қайта құру (Астана қ.) .............................................................................142-ЖЭО-н кеңейту және қайта құру (Астана қ.) ................................................153-ЖЭО-н құру (Астана қ.) .........................................................................................16«Астана EXPO-2017» жел электр станциясын құру .........................................173-ЖЭО-н қайта құру (Павлодар қ.) .......................................................................18ЖЭО-н қайта құру (Екібастұз қ.) ............................................................................192-ЖЭО-н қайта құру (Петропавл қ.) .....................................................................20Градирня және күл үйінділерін құру .....................................................................21Электр беру желілерін құру және электр қондырғыларын монтаждау ....22

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ ТП БАЖ, электр және жылу техникалық жабдықтарды реттеу .................23

ӨНДІРІСМеталл құрастырылымдар және темірбетон өнімдерін жасау ..................24

ИНФРАҚҰРЫЛЫМЖылу желілерін құру және қайта құру ...............................................................25

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫС «Каустик» АҚ зауытын құру (Павлодар қ.) ..........................................................26

ОҚЫТУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУКадр дайындау және сынақ жұмыстары ............................................................27

ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР МЕН ТҰТЫНУШЫЛАР .........................................28

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ ........................................................................................29

№1 қосымша. Жылу энергетикалық жабдықтар нарығына талдау .........30

№2 қосымша. «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ компаниялар тобы өндіретін өнімдер тізімі ............................................................................................32

№3 қосымша. «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Оқыту-курс комбина-тында дайындау, қайта дайындау және біліктілік көтеру мамандықтары-ның тізімі .......................................................................................................................34

Page 4: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

6 7

«Трест Средазэнергомонтаж» (САЭМ) АҚ компаниялар тобы – жылу және электр энергетикасы саласындағы ауқымды жо-баларды әлемдік стандарттар деңгейінде жүзеге асыратын ірі әртараптандырылған құрылыс холдингі.

1942 жылы құрылғаннан бері САЭМ мамандары Орта Азиядағы жылу-электр орталықтарының көбінің құрылысына қа-тысқан.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанға дейін Трест монтаждаған турбина-лардың жалпы қуаты 25 600 МВт құрады. Ал бу қазандықтарының өнімділігі – саға-тына 115 500 тонна буға ие.

2005 жылдан бері САЭМ компаниялар

«Трест САЭМ» АҚ «Каустик» АҚ хлор-сіл-тілі өндірісін пайдалануға беру барысында құрылыс және іске қосу-реттеу жұмыста-рын толықтай орындау бойынша бірегей тәжірибеге ие болды.

САЭМ компаниялар тобы құрамына «Средаз энергомон таж Пе т ро пав л» ЖШС; «Энергострой» ҚБ» ЖШС; құрамына Ме-талл құрастырылымдары зауыты кіретін «Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС еншілес ұйымдары мен «ЦЕНТРКАЗ­ЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚ тәуелді ұйымы кіреді.

САЭМ құрылымында Жылу монтаждау жұмыстары басқармасы, Электр монтаждау жұмыстары басқармасы, Электр техникалық

САЭМ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ТУРАЛЫ

тобы Қазақстанда 100-ден астам жоба-ны жүзеге асырды: Астана қаласындағы 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, Петропавл қаласындағы 2-ЖЭО және Павлодар қаласындағы 3-ЖЭО-нда жалпы қуаты 862 МВт 10 турбоагрегат, жалпы өнімділігі сағатына 2 450 тонна 10 бу қазандығы және жал-пы өнімділігі 940 Гкал/с су жылыту қазан-дықтары пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, жүзеге асырылған жоба-лар ішінде күл үйінділері құрылысы, жылу желілерін қайта құру және жөндеу, ТП БАЖ, электр және жылу жабдықтарын реттеу жұмыстарын орындау, металл құрастырылымдары мен темірбетон өнім-дерін жасау бар.

жабдықтар мен автоматтандыру жүйелерін іске қосу-реттеу басқармасы, Жылу техни-калық жабдықтарды реттеу басқармасы, Гидротехникалық жұмыстар басқармасы, Оқыту-курс комбинаты, Сынақ зертханасы, Аттестациялық пункт, Дәнекерлеу және тер-моөңдеу бөлімі қызмет етеді.

САЭМ компаниялар тобы Қазақстанның солтүстігінде ауыр климаттық жағдайлар-да ірі энергетикалық және өндірістік ны-сандардың жобаларын жүзеге асырады. САЭМ мамандары техникалық қиын және бірегей нысандарда жұмыс жүргізуге рұқ-сатқа ие.

www.saem.kz

КОМПАНИЯПРОФИЛІ

Page 5: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

8 9

«САЭМ Петропавл» ЖШС

«ЦЕНТРКАЗ-ЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚ

«САЭМ Павлодар» ЖШС

«Энергострой» ҚБ» ЖШС

Жылу-электр орталықтарын құру және қайта құру

Жылу энергетикалық жабдықтарды монтаждау және жөндеу

Жылу құбырларын монтаждау және жөндеу

Жылу магистральдерін құру және қайта құру

Жүк көтеру механизмдерін, болат резервуарларды, түтіктерді монтаждау

Кабель желілерін төсеу

Металл құрастырылымдарын жасау және монтаждау

Темірбетон өнімдерін жасау

Жылу энергетикалық жабдықтарды монтаждау және жөндеу

Жылу құбырларын монтаждау және жөндеу

Металл құрастырылымдары мен өнімдерін жасау

Жылу энергетикалық жабдықтарды монтаждау және жөндеу

Энергетикалық жабдықтарды жылу оқшаулау жұмыстары

Электр желілік нысандарын қайта құру

Күл үйінділерін құру

Тарихы бай САЭМ компаниялар тобы тек Қазақстан ғана емес, шағын және алыс шет ел нарығында да танымал.

Forbes Kazakhstan журналының нұсқасы бойынша «Трест САЭМ» АҚ елу ірі жеке компаниялар рейтингіне кіреді.

САЭМ компаниялар тобы қызметкерлерінің саны.

САЭМ компаниялар тобы құрылыс техникаларының ірі паркіне ие.

75 жыл

ТОП-50

3 000 адам

100-ден астам техника

НЕГІЗГІАҚПАРАТ

ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАР

Солтүстік Қазақстан облысы Астана қ. Павлодар

облысы

САЭМ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ТУРАЛЫ www.saem.kz

Металл құрастырылымдарын жасау және монтаждау

Күл үйінділерін құру Жүк көтеру механизмдерін, болат резервуарларды, түтіктерді монтаждау

Электр желілік нысандарын қайта құру

КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢҚҰРЫЛЫМЫ

КОМПАНИЯНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРМАЛАРЫ МЕН БӨЛІМШЕЛЕРІ

Жылу монтаждау жұмыстары басқармасы

Электр монтаждау жұмыстары басқармасы

Электр техникалық жабдықтар мен автоматтандыру жүйелерін іске қосу-реттеу басқармасы

Жылу техникалық жабдықтарды реттеу басқармасы

Гидротехникалық жұмыстар басқармасы

Оқыту-курс комбинаты

Аттестациялық пункт

Сынақ зертханасы

Дәнекерлеу және термоөңдеу бөлімі

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ

Астана қ. Алматы қ.

Компания мамандары монтаждаған турбиналардың жалпы қуаты.

26 450 МВт-тан астам

Компания мамандары монтаждаған бу қазандықтарының жалпы өнімділігі.

118 200 тб/с-тан астам

Компания мамандары энергетикалық нысандарды құру мен пайдалануға беруге жәрдемдесу үшін әлемнің түрлі елдеріне іссапарға жіберілді.

25-тен астам ел

Page 6: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

10 11

Монтаждау және жөндеу жұмыстары

САЭМ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ТУРАЛЫ

– Қызметкерлер мен инженер-техникалық жұмысшыларды өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бойынша оқыту, аттестаттау және қайта аттестаттау;

– Дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісі мамандарын дайындау, біліктілігін арттыру және аттестаттау;

– Техникалық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша оқыту, қайта дайындау, біліктілік беру және арттыру;

– Дәнекерлеу құрамаларын және металдарды механикалық сынау;

– Металлографикалық талдау;

ҚЫЗМЕТБАҒЫТТАРЫ

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ компаниялар тобы Жылу-электр орталығын құру, жылу энергетикалық жабдықтарды монтаждау, қайта құру және жөндеу саласында келесі бағыттар бойынша кез-келген қиындықтағы қызметтер кешенін ұсынады:

– Энергетика нысандарының жылу-энергетикалық жабдықтарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбыр өткізгіштерін және кез келген түр мен санатты құбыр өткізгіштерін монтаждау және жөндеу;

– Жүк көтеру механизмдерін, 20 000 м3 көлемге дейінгі болат резервуарларды және қысым астында жұмыс жасайтын түтіктерді монтаждау;

– Электрмен жабдықтау және сыртқы электр жарықтандыру желілерін қондыру;

– Электр жабдықтарын және автоматтандыру жүйелерін монтаждау.

Құрылыс және жер жұмыстары

– Жалпы құрылыс жұмыстары;

– Салмақ түсетін және қоршау құрастырылымдарын, ғимараттар мен құрылыстарды салу;

– Күмбез және діңгек типті құрылыс құрастырылымдарын, түтін құбырларын монтаждау;

– Күл үйінділерін құру.

Іске қосу-реттеу жұмыстары

– Жылу-механикалық жабдықтарын іске қосу-реттеу жұмыстары және монтаждан кейінгі жабдықтарды жуу және үрлеу, жеке сынау мен кешенді байқап көруге техникалық жетекшілік ету;

– Автоматтандыру жүйелерін және электр жабдықтарын іске қосу-реттеу жұмыстары.

Өнім өндіру

– Стандартты емес қондырғыларды, металл құрастырылымдарын, түйіндер мен 2,2 Мпа-ға дейінгі құбыр өткізгіштер бөлшектерін әзірлеу;

– Пенополиуретанды (ППУ) жылу оқшаулау құбырларын, құбырлардың қауыздарын және құбыр өткізгіштерінің фасонды бөлшектерін әзірлеу;

– КТПН, КСО-366, ЩО-70, БМЗ, КСО 2-10, КСО 2-20 шкафтарын әзірлеу.

Оқыту, аттестаттау және сынақ қызметтері

– Визуалды өлшеуші, ультрадыбысты, магнитті-ұнтақты бақылау, металл және дәнекерлеу құрамаларын түсті дефектоскопиялау, қалыңдығын өлшеу, тығыздығын өлшеу;

– Бу қазандықтарының, жүк көтеру крандарының, резервуарлардың, қысым астында жұмыс істейтін түтіктердің пайдалану мерзімін арттыру мүмкіндігімен тексеру;

– Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу.

www.saem.kz

Page 7: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

12 13

АРНАУЛЫ ТЕХНИКА МЕНЖАБДЫҚТАР ПАРКІ

САПА ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕР

Компания өзіндік құрылыс техникалары паркіне ие. Бұл құрылыс жұмыстарының тиімділігі, сапасы және мерзімдеріне оң әсер етеді.

САЭМ компаниялар тобы арнаулы тех-никалар паркінде жүк көтерімділігі 1-ден 50 тоннаға дейін және шанақ көлемі 10-нан 60 м3-қа дейнгі 100-ден астам құрылыс машинасы бар.

Тұрақты қолданыста – экскаваторлар, жүк артқыш машиналар, бульдозерлер, ірі жүк машиналары, авто және мұнаралы крандар, тракторлар, «КамАЗ» және «ГАЗ»

САЭМ компаниялар тобында сапа ме-неджментінің біріктірілген жүйесі енгізіл-ген. «Трест САЭМ» АҚ экология, сапа, ең-бекті қорғау және қауіпсіздік техникасы салаларындағы тиімді басқару жүйесін қалыпты жұмыс жағдайында ұстап, ұдайы дамытып отырады.

«Трест САЭМ» АҚ қызметі экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001:2004), сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001:2008), кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менед-жменті жүйесі (OHSAS 18001:2007) талап-тарына сәйкес келеді.

2013 жылы «Трест САЭМ» АҚ СТ РК ИСО 9001-2009 ұлттық стандарты талап-тарына сәйкестікке сертификациялық ау-диттен сәтті өтті.

Компанияда тұрақты түрде жұмысшы-лардың еңбек жағдайын жақсарту жұмы-стары жүргізіліп, кәсіби өсу, сондай-ақ, қызметкерлерді дамыту бағдарламасы

маркалы техникалар. Әрбір құрылыс техникасы жоғары тех-

никалық дайындыққа ие, ол үшін уақы-тылы және сапалы қызмет көрсету қамта-масыз етіледі.

Техника қойылған міндеттерді кез-кел-ген уақытта орындау мүмкіндігіне ие: жүк-ті жеткізу және тасымалдау, мұнаралы кран көмегімен монтаждау-құру жұмыста-рын жүргізу. САЭМ компаниялар тобының өндірістік қуаты түрлі қиындықтағы жұ-мыстарды өз бетінше жүргізуге мүмкіндік береді.

САЭМ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ТУРАЛЫ

жетілдірілуде. 2013 жылы «Трест САЭМ» АҚ «HeadHunter» компаниясы ұйымдастыр ған бірінші «Қазақстан HR-бренд жүлдесінде» «Қазақстан» аталымы бойынша ІІ орынды иеленді. Компания байқауға «Біздің даму жолымыз» жобасымен қатысты.

«Трест САЭМ» АҚ кәсібилікті артты-ру мен корпоративтік рухты бекемдеуге бағытталған дәстүрлерді қолдайды. Ком-пания қызметкерлер арасында шеберлікті анықтайтын өзіндік шараларды ұйымда-стырып, сонымен бірге халықаралық және қазақстандық кәсіби сайыстарға қатыса-ды. 2017 жылы Шанхай қаласында өткен ARC CUP байқауында «Трест САЭМ» АҚ Жылу монтаждау жұмыстары басқармасы электр дәнекерлеушісі «М01 болат тобын аргон-доғалы дәнекерлеу», «М11 болат то-бын аргон-доғалы дәнекерлеу» аталымда-ры бойынша екі қола медаль жүлделерін иеленді.

www.saem.kz

Page 8: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

14 15

1-ЖЭО-н қайта құру жобасы астананың энергетика-лық инфрақұрылымының жағдайын жақсарту мақсатын-да жүзеге асырылуда.

Жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері САЭМ ком-паниялар тобы мамандары өнімділігі 75 тб/с №3 қазан-дық агрегатын, әрбірінің өнімділігі 110 Гкал/с №5,6,7 су жылыту қазандықтарын және қуаты 4 МВт №2 турбо-агрегатын қайта құрып, пайдалануға берді.

2005 жылы «Трест САЭМ» АҚ мамандары, сондай-ақ, 1-ЖЭО-нда жылу энергетикалық нысандарды мон-таждау жұмыстарын жүргізіп, өнімділігі 110 Гкал/с №4 су жылыту қазандығын қайта құрды.

САЭМ компаниялар тобы қызметкерлері тұрақты түрде станция жабдықтарын жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. Оның ішінде №2 түтін құбырын құру, қолданыстағы күл үйіндісін қайта құру, желілік сор-ғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін монтаждау, отын беру трактын қайта құру жұмыстары бар.

1-ЖЭО-Н ҚАЙТА ҚҰРУ (АСТАНА қаласы)

Аймақ: Астана қаласыТапсырыс беруші: «Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБЖүзеге асыру мерзімі: 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін

75тб/с

– енгізілген қазандық агрегат өнімділігі

440Гкал/с

– енгізілген су жылыту қазандықтарының

жалпы өнімділігі

4МВт

– енгізілген турбоагрегат қуаты

2-ЖЭО-н кеңейту және қайта құру бойынша жоба қа-ланың дамушы оң жағалауы бөлігін жылумен қамту үшін және орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне қо-сылатын сол жағалауды салу үшін жүзеге асырылуда.

Жоба аясында қуаты 130 МВт №5 турбоагрегат, өнімділігі сағатына 550 тонна бу №7 қазандық агрегат, сондай-ақ, әрбірінің өнімділігі 120 Гкал/с алты қазанды су жылыту қазандығы пайдалануға берілді. №8 қазандық агрегат пен №6 турбоагрегатты монтаждау жұмыс тары жалғасуда. Бұл жоба жүзеге асырылғанға дейін, 2006 және 2007 жылдары САЭМ компаниялар тобы маманда-ры №4 турбоагрегат пен №6 қазандық агрегатын мон-таждады. Жоба толық аяқталғаннан кейін 2-ЖЭО-ның орнатылған электр қуаты 600 МВт, орнатылған жылу қуа ты 2 240 Гкал/с құрайды.

Айта кету керек, №7 қазандық агрегат Қазақстан Рес-публикасында монтаждалған мұнаралы типті жалғыз қазандық агрегат болып табылады. Табиғи айналымды, бір барабанды, тік, су құбырлы бу қазандығы жоғары қы-сымды бу алуға арналған.

2-ЖЭО-Н КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ (АСТАНА қаласы)

Аймақ: Астана қаласыТапсырыс беруші: «Астана қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБЖүзеге асыру мерзімі: 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін

970тб/с– енгізілген қазандық агрегаттардың жалпы өнімділігі

720Гкал/с – енгізілген су жылыту қазандықтарының жалпы өнімділігі

250МВт– енгізілген турбоагрегаттардың жалпы қуаты

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАР www.saem.kz

Page 9: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

16 17

«ЦЕНТРКАЗЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚ 3-ЖЭО құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау бойынша бас мердігер болып табылады.

Станцияның орнатылған электр қуаты 240 МВт, ор-натылған жылу қуаты 840 Гкал/с-ты құрайтын болады. «Институт КазНИПИЭнергопром» АҚ 2010 жылы әзір-леп, бекітілген 3-ЖЭО құрылысы техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес, қазіргі таңда 3-ЖЭО-ның бірінші кезегінің құрылысы жүзеге асырылуда. Оның аясында жалпы өнімділігі 480 Гкал/с КВТ-139-150 №1-4 су жылы-ту қазандықтарын және өнімділігі 65 тб/с Е-65-1,4-250 бу қазандығын монтаждау қарастырылған.

Бірінші кезек құрылысы жылу және электр энергия-сының біріктірілген өндірісінің тиімді технологиясын қолданатын, экологиялық таза жабдықтары бар зама-науи жылу көзін құруға негіз болады. 3-ЖЭО құрылысы 1-ЖЭО аумағында жылу қысымының өсімін, 1-ЖЭО-ның тозған жабдықтарын қолданыстан шығаруды қамтама-сыз етіп, автономды жылумен жабдықтау көздерін салу қажеттілігін жояды.

3-ЖЭО ҚҰРУ (АСТАНА қаласы)

Аймақ: Астана қаласыТапсырыс беруші: «Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБЖүзеге асыру мерзімі: 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін

840Гкал/с

– орнатылған жылу қуаты

240МВт

– орнатылған электр қуаты

Құрылыс аяқталған соң станция

келесі өндірістік көрсеткіштерге ие

болады:

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАР

«АСТАНА EXPO-2017» ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН ҚҰРУ

Аймақ: Ақмола облысы, Аршалы ауданыТапсырыс беруші: «ЦАТЭК Green Energy» ЖШСЖүзеге асыру мерзімі: 2017–2019 жылдар

Компания қуаты 50 МВт жел электр станциясының бірінші іске қосу кешенінің құрылысына қатысуда. Нысан Астанадан 40 км жерде – Ақмола облысының Аршалы ауданында, Қостомар қыстағының маңында орналасқан. 2019 жылдың ортасында станция инфрақұрылымдық нысандармен және Vestas компаниясы өндірген V112-3.3 MW типті 15 жел генераторымен жабдықталатын бола-ды деп жоспарланып отыр.

Жобаны жүзеге асыру барысында аймақтың климат-тық жағдайларына бейімделген жел энергиясын түр-лендіру бойынша жаңа әзірлемелер мен технологиялар кешені пайдаланылады. Құрылыс аяқталған соң, жел станциясы жаңартылатын энергия көздері есебінен 10 мыңнан астам отбасын электр энергиясымен қамтама-сыз ету мүмкіндігіне ие болады.

Жоба Қазақстанның парник газдары шығарылымда-рын азайту бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауының бір бөлігі болып табылады: жел паркінің екі іске қосу кешенін енгізгенде шығарылымдардың жылына 230 мың тоннаға төмендеуі күтілуде.

Жел электр станциясын құру барысында 300 жұмыс орны құрылып, станцияға қызмет көрсетуге тұрақты 20 жұмыс орны ашылады.

140млн кВт.с– электр энергиясы өндірісінің жиынтық болжамды көлемі

100МВт– жел электр станциясы екі кезегінің жалпы қуаты

www.saem.kz

Page 10: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

18 19

«Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС Екібастұз қа-ласындағы ЖЭО жылу энергетикалық жабдықтарын монтаждау және жөндеу бойынша жобалардың бас мердігері болып табылады.

Екібастұз ЖЭО Қазақстан аумағындағы ең көне стан-циялардың бірі, қаланы жылумен қамтудың жалғыз көзі. ЖЭО-ның орнатылған электр қуаты 12 МВт құрайды.

2009 жылдан бері жылу тұтынудағы электр энергия-сын өндіруге арналған, орнатылған электр қуаты 12 МВт №1 турбина пайдалануға берілді. Бұл өндірілген электр энергиясын станцияның өзіндік қажеттіліктеріне пайда-лануына мүмкіндік берді. 2014 жылы №6 қазандық агре-гат ауыстырудан соң бу өнімділігі 15 тб/с-қа арттырылып пайдалануға берілді.

ЖЭО-Н ҚАЙТА ҚҰРУ(ЕКІБАСТҰЗ қаласы)

Аймақ: Павлодар облысы, Екібастұз қаласыТапсырыс беруші: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобыЖүзеге асыру мерзімі: 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін

12МВт– енгізілген турбоагрегат қуаты

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАР

90тб/с– енгізілген қазандық агрегат өнімділігі

«Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС 3-ЖЭО-н-да жылу энергетикалық жабдықтарды монтаждау және жөндеу бойынша жобалардың бас мердігері болып та-былады.

Станцияның орнатылған электр қуаты 540 МВт-ты құрайды. 3-ЖЭО қаланың өнеркәсіптік кәсіпорында-рын, жергілікті қызмет көрсету нысандарын, сондай-ақ, тұрғын үй шаруашылығын электр энергиясымен қамта-масыз етеді. Станция Қазақстандағы ең заманауи стан-циялардың бірі: 2009 жылдан бері станцияның өндірістік жабдықтары 70,4%-ға жаңартылды. 2011 жылдан бері САЭМ компаниялар тобы қызметкерлері №1,2 жаңа турбоагрегаттарын және №1 қазандық агрегатын мон-таждап, пайдалануға берді. №4,5 турбоагрегаттар және №2,3,4,5 қазандық агрегаттар қайта құрылып, №5 гра-дирня құрылды.

Шаралар кешенінің нәтижесінде 3-ЖЭО-ның иеліктегі электр қуаты артып, станция турбиналары конденсатор-ларындағы вакуумды жақсарту есебінен жазғы уақытта үлкен электр қысымын өткізуге мүмкіндік береді.

3-ЖЭО-Н ҚАЙТА ҚҰРУ(ПАВЛОДАР қаласы)

Аймақ: Павлодар облысы, Павлодар қаласыТапсырыс беруші: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобыЖүзеге асыру мерзімі: 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін

380МВт

– енгізілген турбоагрегаттардың

жалпы қуаты

420тб/с

– енгізілген қазандық агрегаттың өнімділігі

www.saem.kz

Page 11: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

20 21

ГРАДИРНЯЛАР ЖӘНЕКҮЛ ҮЙІНДІЛЕРІН ҚҰРУ

Аймақ: Астана қ., Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысыТапсырыс берушілер: «Астана қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚЖүзеге асыру мерзімі: 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін

39га – 3-ЖЭО күл үйіндісінің жалпы ауданы

4 800м2

– енгізілген градирнялар-дың жалпы суландыру ауданы

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАР

2005 жылдан бері САЭМ компаниялар тобы ЖЭО-н-да (Павлодар және Астана қалалары) үш градирня құру бойынша жобаларды жүзеге асырды. Әрбір градирня табанының ауданы 1 600 м2 құрайды. Биіктігі – 64 м. Павлодар 3-ЖЭО-нда №4 градирня 2005 жылы пайда-лануға берілсе, 2015 жылы бесінші градирня іске қосыл-ды. Жаңа градирня 3-ЖЭО-ның қуатын жазғы уақытта 30 МВт-қа арттырды. Жабдықты пайдалану мерзімі – 15 жылдан кем емес. 2016 жылы FANS CTF 300/II №1,2 желдеткіш градирнялары пайдалануға берілді. Қазір-гі уақытта №3,4 желдеткіш градирнялары монтаждалу үстінде.

Күл-қож қалдықтарын 25 жылға қоймалау мақсатын-да Екібастұз ЖЭО күл үйіндісінің 2-кезегін құру бойын-ша жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы Павлодар қала-сындағы 3-ЖЭО және 2-ЖЭО күл үйінділерінің 2-кезек құрылысы аяқталып, 3-ЖЭО күл үйіндісінің 3-кезек құрылысы басталды. Құрылыста зиянды заттардың жер-ге сіңуін 100% болдырмайтын канадалық полисинтети-калық геомембрана пайдаланылады.

«Средазэнергомонтаж Петропавл» ЖШС 2-ЖЭО-н-да жылу энергетикалық жабдықтарды монтаждау және жөндеу бойынша жобалардың бас мердігері болып та-былады.

Станцияның орнатылған электр қуаты 541 МВт құрай-ды. 2-ЖЭО қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын, жер-гілікті қызмет көрсету нысандарын, сондай-ақ, тұрғын үй шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. 2009 жылдан бері станцияның өндірістік жабдықтары 49,7%-ға жаңартылды. Станцияны жаңғырту 2020 жылға дейін жалғасады. 2011 жылдан бері «Средазэнергомон-таж Петропавл» ЖШС қызметкерлері №1,4,5 жаңа тур-боагрегаттарын және №8 жаңа қазандық агрегатын мон-таждап, пайдалануға берді. №6,7 турбоагрегаттар және №6,7,12 қазандық агрегаттар қайта құрылды.

Жүзеге асырылған жобалар арқасында жабдықтар-дың сенімділігі мен өнімділігі артты. САЭМ маманда-ры барлық қазандықтарда екінші деңгейлі батареялық эмульгаторлар орнатылған күл тұтқыш құрылғыларды қайта құрды.

2-ЖЭО-Н ҚАЙТА ҚҰРУ(ПЕТРОПАВЛ қаласы)

Аймақ: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласыТапсырыс беруші: «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобыЖүзеге асыру мерзімі: 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін

1 080тб/с

– енгізілген қазандық агрегаттардың жалпы

өнімділігі

269МВт

– енгізілген турбоагрегаттардың

жалпы қуаты

www.saem.kz

Page 12: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

22 23

ТП БАЖ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЖЫЛУ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ РЕТТЕУ

Аймақ: Астана қ., Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысыТапсырыс берушілер: «Астана қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚЖүзеге асыру мерзімі: 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін

30-дан астам қазандық агрегат жылу техникалық жабдықтары реттеліп, ТП БАЖ-мен жабдықталған

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ

«Трест САЭМ» АҚ Павлодар 3-ЖЭО-нда, Астана 2-ЖЭО-нда, Петропавл 2-ЖЭО-нда турбо және қазан-дық агрегаттар мен су жылыту қазандықтарында, «Кау-стик» АҚ-нда, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нде электр жабдықтарын және технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесін реттеу және енгізу жұмыстарын атқарады.

Жабдықтарды ТП БАЖ-мен қамту үнемді және қауіпсіз жұмыс режимін қамтамасыз етіп, бу мен жылуландыру-дың берілген параметрлерін автоматты режимде ұстауға мүмкіндік береді. Компания «TREI», «Торнадо», «SIEMENS» ТП БАЖ далалық деңгейлерін реттеу және «Ovation» ТП БАЖ реттеу бойынша бай тәжірибеге ие.

«Трест САЭМ» АҚ, сондай-ақ, турбо және қазандық агрегаттардың жылу техникалық жабдықтарын реттеу, негізгі және көмекші жабдықтарды іске қосу алды жеке сынақтарын жүргізу, жаңадан монтаждалған жабдықтар-ды пайдалануға енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді. 2000 жылдан бері «Трест САЭМ» АҚ Астана, Павлодар, Екі-бастұз, Петропавл, Рудный қалаларындағы ЖЭО-нда 20-дан астам қазандық агрегат пен 10 турбоагрегатта жылу техникалық жабдықтарды реттеу жұмыстарын жүргізді.

«Трест САЭМ» АҚ электр монтаждау жұмыстары басқармасы электрмен қамсыздандыру нысандарында, өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарда электр мон-таждау жұмыстарын жүргізуге маманданған.

Басқарма мамандары 2012 жылдан бері ЖЭО-нда (Астана, Павлодар, Петропавл қалалары) трансформа-торларды ауыстырып және элегазды ажыратқыштарды орнатып, ОРУ-110 кВ қайта құру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, бұл қалаларда ЖЭО қайта құру бойынша жо-балар барысында басқарма мамандары барлық электр монтаж жұмыстарын атқарады. Басқарма қызметкерлері Астана 2-ЖЭО-нда автотрансформатор орнатып және енгізіп, КРУЭ-220 кВ монтаждауды жүзеге асырды.

2014-2017 жылдары «Трест САЭМ» АҚ мамандары 5 шағын станцияда қайта құру және монтаждау жұмыстарын жүргізді: 220/110/10 «Тимирязево» ШС, 35/10 «Теплосети» ШС, Солтүстік Қазақстан облысында 220/35/10 «Смирново» ШС, Астана қаласында 110/10 кВ «Астана» ШС және Павлодар облысында 220/110/10 «Промышленная» ШС.

ЭЛЕКТР БЕРУ ЖЕЛІЛЕРІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН МОНТАЖДАУ

Аймақ: Астана қ., Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысыТапсырыс берушілер: «Астана қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚЖүзеге асыру мерзімі: 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін

5шағын станция

«Трест САЭМ» АҚ мамандарымен

2014-2017 жылдары қайта құрылды

Page 13: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

24 25

2015 жылдан бері САЭМ компаниялар тобы үш қалада (Павлодар, Екібастұз, Петропавл қалалары) орталықтан-дырылған жылумен қамту желілерін қайта қалпына кел-тіру және жаңғырту жобаларының бас мердігері болып табылады.

Жобалар жылумен қамту сенімділігін, энергияны пай-далану тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, экологиялық стандарттарды жақсартып, тозуды төмендетуге бағыт-талған.

Жұмыстарды орындау барысында «Трест САЭМ» АҚ мамандары алдын ала оқшауланған құбыр өткізгіштерін қолданады. Ол дәстүрлі құбыр өткізгіштерінен жоғары жылу оқшаулау көрсеткіштерімен, жабдықтың жоғары сенімділік ресурсымен ерекшеленеді. Жылу желілерін қайта құру барысында құбыр өткізгіштерінде ППУ қауы-зын қолданып жылу оқшаулау жүзеге асырылады.

2015-2017 жылдары Петропавл қаласында ұзын-дығы 4 085 м құбыр желілері алдын ала оқшауланған өткізгіштер қолданылып құрылды және қайта құрылды. 2016-2017 жылдары Екібастұз қаласында мұндай көр-сеткіш 7 165 метрді құраса, Павлодар қаласында 2017 жылы 1 246 метрді құрады.

ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ

Аймақ: Петропавл, Павлодар және Екібастұз қалаларыТапсырыс берушілер: «Петропавл жылу желілері» ЖШС, «Павлодар жылу желілері» ЖШСЖүзеге асыру мерзімі: 2015 жылдан бері тұрақты негізде

4 085м– құрылған және қай-та құрылған құбыр желілерінің ұзындығы (Петропавл қ.)

ӨНДІРІС ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

7 165м – құрылған және қай-та құрылған құбыр желілерінің ұзындығы (Екібастұз қ.)

САЭМ компаниялар тобында «САЭМ Павлодар» ЖШС құрамында Металл құрастырылымдар зауыты және Пет ропавл қаласында «Энергострой» ҚБ» ЖШС қызмет етеді.

Металл құрастырылымдар зауыты Қазақстан Респуб-ликасындағы ірі салалық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Зауыт кез-келген қиындық санатындағы ме-талл құрастырылмдар мен өнімдерді жасайды. Бұл үшін кәсіпорында барлық қажетті жабдықтар, өндірістік аудан, адам ресурстары, рұқсат қағаздары мен сертификаттар бар. Металл құрастырылымдар зауыты бір айда қиын-дығына қарай 400-500 тонна металл құрастырылымда-рын жасайды.

«Энергострой» ҚБ» ЖШС жылу магистральдерін құру және қайта құру, кабель желілерін төсеу, тауарлық бе-тон және темір бетон өнімдерін жасау, металл құрас-тырылымдарын жасау және монтаждау қызметтерін көрсетеді. Кәсіпорын құрылыс техникасы мен арнаулы жабдықтардың ірі паркіне иелік етеді. Өзіндік техника алға қойылған міндеттерді сапалы әрі уақытылы орын-дауға жеткілікті.

МЕТАЛЛ ҚҰРАСТЫРЫЛЫМДАР ЖӘНЕТЕМІРБЕТОН ӨНІМДЕРІН ЖАСАУ

Аймақ: Павлодар және Петропавл қалаларыТапсырыс берушілер: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Ақмола ЭҮК» АҚЖүзеге асыру мерзімі: кәсіпорындар құрылған күннен тұрақты негізде

23 833м2

– Металл құрасты-рылымдар зауытының

өндірістік ауданы

400-500тонна

– жасалатын металл құрастырылымдар мен

өнімдердің бір айлық орташа көлемі

10 000м3

– жасалатын темір бетон өнімдердің бір

жылдық орташа көлемі

Page 14: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

26 27

«Трест САЭМ» АҚ жанындағы Оқыту-курс комбинатын-да 50-ден астам жұмысшы және инженер мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі. Қызметтің негізгі бағыттары: өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бойынша жұмысшы және инженер-техникалық жұмысшыларды аттестаттау және қайта аттестаттау; қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жетекшілер мен жауапты тұлғалар-ды оқыту және аттестаттау; бұзбаушы бақылау бойынша мамандар дайындау, біліктілігін көтеру және аттестаттау; дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын дайындау, біліктілігін арттыру; техникалық және қызмет көрсетуші еңбек кәсіптері бойынша оқыту, қайта дайын-дау, біліктілік көтеру және беру. Оқыту-курс комбинаты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орта-лықтар реестріне енген.

«Трест САЭМ» АҚ жанындағы Сынақ зертханасы дәне-керлеу қосындыларын, негізгі металды, жабдықтар мен материалдарды әзірлеу, құру, монтаждау, жөндеу, қай-та құру және диагностикалау барысында бұзушы және бұзбаушы тәсілдермен бақылау қызметтерін ұсынады. Зертхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл жұмыстардың толық кешенін сапалы әрі жедел атқа-руға мүмкіндік береді.

КАДР ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕСЫНАҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Аймақ: Алматы қаласыТапсырыс берушілер: Қазақстанның өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындары Жүзеге асыру мерзімі: тұрақты негізде

50+жұмысшы және инженер-техникалық жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту курстары

2 300+адам жыл сайын Оқыту-курс комбинатында білім алады

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫС ОҚЫТУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ

«Трест САЭМ» АҚ мамандары Қазақстан Республика-сының үдемелі индустриалды-инновациялық даму мем-лекеттік бағдарламасы аясында «Каустик» АҚ зауытында мембраналық тәсілмен каустик содасын өндіру бойынша қондырғыны құру және пайдалануға беру бойынша біре-гей жобаны жүзеге асырды. Зауыт қуаттылығы жылына 30 мың тоннаны құрайды.

Жоба аясында «Трест САЭМ» АҚ қызметкерлері Қа-зақстанда баламасы жоқ жоғары технологиялық жаб-дықтарды монтаждады. Жабдықтарды монтаждаудан бөлек, Компания барлық құрылыс және іске қосу жұмыс-тарын жүзеге асырды. 2011 жылғы қазаннан бері зауыт каустик содасын, сұйық хлор, тұз қышқылын және нат-рий гипохлоитін өндіреді.

Жобаны жүзеге асыру барысында «Трест САЭМ» АҚ мамандары қыздырылған құралмен, ыстық ауамен, жақтаулы қыздырғышпен, экструдермен дәнекерлеу сынды дәнекерлеу жұмыстарының жаңа түрлерін мең-герді. Сондай-ақ, мамандар әртүрлі материалдардан (по-лиэтилен, полипропилен, мыс құбыр өткізгіштер, никель және титан қорытпалары) әзірленген құбыр өткізгіштерін дәнекерлеу тәсілдерін игерді.

«КАУСТИК» АҚ ЗАУЫТЫН ҚҰРУ(ПАВЛОДАР қаласы)

Аймақ: Павлодар облысы, Павлодар қаласыТапсырыс беруші: «Каустик» АҚЖүзеге асыру мерзімі: 2009–2011 жылдар

40 000полипропилен және

поливинилхлорид жапсары

Құрылыс барысында САЭМ мамандары

орындаған жұмыстар:

15 000аустенитті болат

жапсары

8 000құрамында никель бар қорытпалар жапсары

80-120адам жыл сайын бұзбаушы бақылау бойынша Сынақ зертханасы жанында оқытылады

Page 15: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

28 29

«Трест САЭМ» АҚ бас кеңсесіҚазақстан РеспубликасыАлматы қ., Абылай хан даңғылы, 56тел.: +7 (727) 273-45-08e-mail: [email protected]: www.saem.kz

– «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

– Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы

– Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы

– Дөң тау-байытушы кобинаты, «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы

– «Электромонтажавтоматика» ЖШС– «Имсталькон» АҚ– «Қаражанбасмұнай» АҚ

ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН «ТРЕСТ СРЕДАЗЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚ ЖАНЫНДАҒЫ ОҚЫТУ-КУРС КОМБИНАТЫНДА ОҚЫТАТЫН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫ:

– «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ– «Бішкек қ. ЖЭО электр желілері» ААҚ– «Еуроазиялық Энергетикалық

Корпорациясы» АҚ– «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ– «ВК Промэнергоремонт» ЖШС– «Түсті металдарды өңдеу зауыты» АҚ– «Лисаковск Казмеханомонтаж» ЖШС– «Теміртау Казмеханомонтаж

№1» ЖШС– «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ– «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС

– «Астана қаласы отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБ

– «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ– «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ– «Ақмола ЭҮК» АҚ– «Павлодар жылу желілері» ЖШС

– «Петропавл жылу желілері» ЖШС– «Каустик» АҚ– «Павлодар мұнай-химия

зауыты» ЖШС– «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС

«Трест САЭМ» АҚ Астана қаласындағы кеңсесіҚазақстан РеспубликасыАстана қ., Өндіріс даңғылы, 4тел.: +7 (7271) 83-81-00e-mail: [email protected]: www.saem.kz

«ЦЕНТРКАЗЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚҚазақстан РеспубликасыАстана қ.,Алматы ауданы, 101 к-сі, 21/6 ғимараттел.: +7 (7172) 73-50-30 факс: +7 (7172) 73-50-31e-mail: [email protected]

«САЭМ Павлодар» ЖШСҚазақстан РеспубликасыПавлодар облысы, Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аудантел.: +7 (7182) 33 40 22факс: +7 (7182) 33 39 34e-mail: [email protected]

«САЭМ Петропавл» ЖШСҚазақстан РеспубликасыСолтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.,Я. Гашек к-сі, 28тел.: +7 (7152) 52-02-82 факс: +7 (7152) 52-02-97e-mail: [email protected]

«Энергострой» ҚБ» ЖШСҚазақстан РеспубликасыСолтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.,Малая к-сі, 1-үйтел.: +7 (7152) 62 52 44

БАЙЛАНЫСАҚПАРАТЫ

Page 16: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

30 31

№1 қосымша

Қазақстан экономикасы жоғары энер-гия сыйымдылығымен ерекшеленеді: өн-дірілетін электр энергиясының 2/3 бөлі-гіне жуығын мұнай және газ өндіру, көмір өндіру, металл рудаларын өндіру, метал-лургия, мұнай өңдеу сынды салалардағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары тұтынады.

ҚР Бірегей электр желілері (БЭЖ) жүйе-лік операторы – «KEGOC» АҚ ұлттық ком-паниясының мәліметтері бойынша, Қа-зақстанда электр энергиясын түрлі меншік формасындағы 118 электр станциясы өн-діреді. Қазақстан электр станцияларының жиынтық орнатылған электр қуаты 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21 672,9 МВт құрайды, ал иеліктегі қуат – 18 791,4 МВт.

Қазақстан электрэнергетикалық қа-уымдастығының (ҚЭҚ) мәліметтеріне сәйкес, елімізде 38 ЖЭО, 29 ірі қазандық және 5 400-ге жуық шағын қазандық жұ-мыс істейді. ЖЭО-ның көпшілігі жылу және электр энергияларын қатар өндіреді. Жылу өндіруші кәсіпорындардың меншік құрылымында коммуналдық меншік үлесі басым: 80%, қалған бөлік жеке меншік иелігінде. ҚЭҚ мәліметінше, нысандардың 11%-ы 20 жыл бұрын салынған, дәл осын-ша үлестегі нысандар 20-30 жылдан бері пайдаланылуда, 38% – 30-40 жыл бұрын, ал 39% 40 жылдан астам уақыт бұрын са-

лынған. Жабдықтар тозуының жоғары көрсеткіштері жылу энергетика саласында белсенді жаңғырту жұмыстарының баста-луына негіз болып, ол өз кезегінде нарықта жаңа электр және жылу монтаждаушы кәсіпорындардың пайда болуына әкелді. Нарық қатысушылары санының артуына энергетикалық сектордағы инвестициялық белсенділік те себеп болды: «Инвести-цияға айырбас тариф» принципіне негіз-делген мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанның энергия өндіруші компания-лары 2009-2018 жылдары қолданыстағы энергетикалық активтерді жаңғырту бой-ынша ауқымды жобаларды жүзеге асырды.

Қазіргі таңда қазақстандық энергетика-лық нарықтағы ірі қазандықтар мен ЖЭО-ның жылу-энергетикалық жабдықтарын қайта құру бойынша жобалардың үлесі нарықтың ірі қатысушыларына тиесілі. 75 жылдық тарихы бар «Трест САЭМ» АҚ компаниялар тобы сала лидері болып та-былады. Компания негізгі қызметін елдің солтүстік өңірінде – Астана қаласы мен Павлодар және Солтүстік Қазақстан об-лыстарында жүргізеді. Айта кету керек, аталған қала мен облыстардан бөлек, Ақ-мола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қараған-ды және Қостанай облыстарын қамтитын дәл осы солтүстік аймақта республика-да өндірілетін электр энергиясының 75%

бөлігі өндіріледі. ЖЭО-нда жылу энергетикалық жаб-

дықтарды жаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыру аясында 2009-2018 жылда-ры 3 000 МВт-тан астам қуаттылықтар қай-та қалпына келтірілді және іске қосылды.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде жабдықтар жаңғыртылып, қу-аттылықтардың үзілуі қысқаруда, ел халқы мен экономикасының өсіп келе жатқан қа-жеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған электр энергиясының өндірісі артуда.

ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ

Page 17: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

32 33

– Қабырғасының биіктігі 1800 мм-ге дейінгі кез-келген тип пен өлшемдегі дәнекерленген қоставрлы арқалық

– Жеңілдетілген қабырғалы ауыспалы қималы дәнекерленген қоставрлы арқалық

– Магистральді құбыр өткізгіштерінің пенополиуретанды қаптамасы

– Диаметрі 219-1000 мм алдын-ала оқшауланған құбырлар

– Құбыр өткізгіштерінің дәнекерленген бөлшектері: бұрма, өтпе, үштіктер

– Жылу-энергия станциясы үшін газ өткізбейтін клапандар (щиберлер), шнектер, корпустар, күл-қож жою ванналары

– ВЗП ауа жылыту кубтары– Кепілді бөлшектер– Тік фланцты грязевиктер (ТФГ-32,

ТФГ-40, ТФГ-50, ТФГ-65, ТФГ-80, ТФГ-100, ТФГ-125, ТФГ-150, ТФГ-200, ТФГ-250)

– Құрылыс қалыптары– Кабель тартпалары– Жоғары қысымды құбыр өткізгіш

элементтері– КТПН, КСО-366, ЩО-70, БМ3,

КСОН2-10, КСОН2-20 шкафтары– СВ 95-3, СВ 110-3,5 вибрациялық

тірек бағаналары– Жабынды плиталар мен түрлі

модификациялы табанды плиталар– ГОСТ 8020-90 бойынша қабырғалық

сақиналар– ГОСТ 13579-78 бойынша іргетас

блоктары– Кез-келген қиындық санатты металл

құрастырылымдар:

І САНАТ:– қоршаулар;– қарапайым тірегіштер;

«ТРЕСТ СРЕДАЗЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ӨНДІРЕТІН ӨНІМДЕР ТІЗІМІ

– прокатты арқалықтар мен алаң бағаналары;

– тартпалар;– баспалдақтар, алаңшасыз өрт

баспалдақтары;– прокатты тіреуіштер;– фахверк бағаналары мен ригельдері;– қоршаулар мен сүйеніштер;– өту, қондыру, жөндеу-тік бұрышты

алаңдар;– щиттер;– рифльді настил;– тік жолақты монорельстер;– кронштейндер мен консольдер;– болат прокатты витраж бөлшектері.

ІІ САНАТ:– жай фонарь;– қиын, кеңістікті тірегіштер;– рамалық прокатты (тік) ригельдер;– тежегіш фермалар;– іргетастың кепілді бөліктері;– тірек плиталары и шайбалары;– прокатты профильден құрылымдық

қима бағаналары;– монорельстер мен алаңдарға

арналған ілмектер;– хомуттар;– тартушы тетіктер;– сүйеніш үстелшелер, колонна

рамалары;– есіктер;– люк қақпақтары;– каркас типті ғимараттар, басқару

посттары, будкалар, кабиналар;– бункер торлары;– алаңдар мен қабатаралық

қаптамалардың прокаттық балкалары;– алаңдар мен сүйеніштері бар маршты

баспалдақтар;– алаңдардың кеңістікті сүйеніштері

(блоктар);– траверстер, созу элементтері;– жай фланцтар;– тік бұрышты арқалықтар мен

резервуарлар;– жазық табанды цистерналар;– коллектордың герметикалық

жазықтықтары;– шпренгельді қоршаулар;– құрылымды қималы фахверктің

бағаналары мен ригельдері;– жанаспайтын фахверкті колонналар;– тік және күшейту жолақты

монорельстер;– перфорацияланған арқалықтар.

ІІІ САНАТ:– 39 м дейінгі фермалардың барлық

түрі;– аэрациялық және жарықаэрациялық

фонарьлардың фермалары;– прокатты, дәнекерленген және

торкөзді колонналар;– құрылымдық қима арқалықтары;– еңкіш рамалық ригельдер;– аса қиын тірегіштер;– фахверктің дәнекерленген

бағаналары мен ригельдері;– торкөзді баспалдақтар;– жазық және кеңістікті сүйеніштер;– бұрышты және сақиналық алаңдар;– өнеркәсіптік қақпалар;– силос элементтері;– тірек байланыстары;– рельс бекітуге арналған тесіктері бар

кранасты арқалықтар;– түтін құбырларының элементтері

және патрубкалар;– рамалардың ригельдері және

бағаналары;– дәнекерленген сүйеніш сақиналары;– копер және монтажды арқалықтар;– мұнаралар, торкөзді мачталар;– фермалардың колоннаүстілері;– косоурлар.

ІV САНАТ:– симметриялық бункерлер;– қисық сызықты белдікті фермалар;– кеңістікті сүйеніштер;– диффузорлар мен градирнялар

элементтері;– 39 м астам фермалардың барлық

түрі;– галереялардың еңкіш фермалары.

V САНАТ:– түтін құбырларының элементтері

және патрубкалар;– симметриялық емес бункерлер;– қорапты қималы кранасты

құрастырылымдар;– жұмыс алаңдарының арқалықтары,

қиын рамалық құрастырылымдар;– қиын конфигурациялы фермалар;– сақиналы ауа өткізгіш;– конфузорлар, диффузорлар,

электрофильтр элементтері;– шаң аулағыштар, скрубберлер және

резервуар типті өзге құрастырылымдар;– құбыр өткізгіштерінің астына

арналған ершіктер;– үлкен көлемдегі қиын аркалар.

№2 қосымша

Page 18: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

34 35

1. Түрлі типті кран машинисі (краншы)2. Жүк ілдіруші3. Болат матауыштарды өруші4. Автогидрокөтергіштер

(автомұнаралар) машинисі5. Автожүктиегіштер мен автокарлар

машинисі6. Электрожүктиегіштер мен

электрокарлар машинисі7. Электр дәнекерлеуші, газ-электр

дәнекерлеуші8. Газбен кесуші9. Дефектоскопист10. Термист11. Слесарь-монтажшы және жөндеуші12. Қысым астында жұмыс істейтін

түтіктер мен резервуарларды тексеруші маман

13. Қазандықтарды тексеруші маман14. Құбыр өткізгіштерін тексеруші

маман15. Жүк көтеру крандарын тексеруші

маман16. Кран жолдарын тексеруші маман17. Автогидрокөтергіштерді

(автомұнараларды) тексеруші маман18. Лифттерді тексеруші маман 19. Құрылыстар мен ғимараттарды

«ТРЕСТ СРЕДАЗЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚ ОҚЫТУ-КУРС КОМБИНАТЫНДА ДАЙЫНДАУ, ҚАЙТА ДАЙЫНДАУ, БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

тексеруші маман20. Тығыздалған газдарға арналған

баллондарды диагностикалау бойынша маман

21. Баллондарды толтырушы22. Оттегі, ацетилен, пропан

станцияларына қызмет көрсететін және газ баллондарын куәландыратын қызметкер

23. Жүк көтеру крандарын, көтергіштерді (мұнара) қауіпсіз пайдалануды қадағалау бойынша инженер-техникалық жұмысшы

24. Жүк көтеру крандарының, көтергіштердің (мұнара) жұмысқа жарамды қалыпта болуына жауапты тұлға

25. Жүк көтеру крандарымен, көтергіштермен (мұнара) қауіпсіз жұмыс жүргізуге жауапты тұлға

26. Газ шаруашылығындағы қауіпсіздікке жауапты тұлға

27. Газ шаруашылығын пайдаланушы және қызмет көрсетуші қызметкер

28. Қысым астында жұмыс істейтін түтіктерді техникалық жарамды болуын қадағалауға жауаптылар

29. Бу және су жылыту қазандықтарының қауіпсіз пайдаланылуына жауапты

30. Жүк көтеру крандарын жөндеу бойынша маман

31. Жүк көтеру крандарын монтаждау және демонтаждау бойынша маман

32. Механикалық сынақтар бойынша зертханашы

33. Спектральды талдау бойынша зертханашы

34. Зертханашы-металлограф35. Беріктікті өлшеу бойынша

зертханашы36. Құрылыс қоспаларын сынау

бойынша зертханашы37. Металдарды және қорытпаларды

химиялық талдау бойынша зертханашы38. Жоғары өрмелеу жұмыстарын және

биіктіктегі жұмыстарды орындайтын инженер-техникалық жұмысшы мен қызметкер

39. Қатты, сұйық және газ түріндегі отын қазандықтарының машинисі

40. Компрессор станциясының машинисі

41. Қазандық жабдықтарды пайдаланушы инженер-техникалық жұмысшы және қызметкер

42. Бу және ыстық су құбыр өткізгіштерін пайдаланушы инженер-техникалық жұмысшы және қызметкер

43. Қысым астында жұмыс істейтін түтіктерді пайдаланушы және қызмет көрсетуші инженер-техникалық жұмысшы және қызметкер

44. Құрылыс пистолетінің операторы45. Пиротехникалық құралмен қауіпсіз

жұмыс жүргізуге жауапты46. Қауіпті жүктерді қауіпсіз

тасымалдауға жауапты47. Құрылыс-монтаж жұмыстарын

қауіпсіз жүргізуге, құрылыс материалдары мен құрастырылымдарына жауапты

48. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуші қызметкер

49. Дәнекерлеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге жауапты

50. Люлька жұмысшысы51. Слесарь электрик52. Жылу электр станция (ЖЭС)

жабдықтарын монтаждау және жөндеу бойынша инженер-техникалық жұмысшылардың біліктілігін арттыру

53. Инженер-техникалық жұмысшыларды өрт-техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі ережелері мәселелері бойынша оқыту.

№3 қосымша

Page 19: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

36 37

ЖАЗБАЛАР ҮШІНЖАЗБАЛАР ҮШІН

Page 20: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

38 39

Page 21: Дәстүрлерді сақтап, болашақты құрамызsaem.kz/wp-content/uploads/2018/06/Pres_kaz.pdfғыларды ауыстыру, су төмендету желілерін

40